Түркістанда жастардың республикалық пікірсайыс турнирі басталды

14 қараша, 20:10

Облыстық "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шара үш күнге созылады.

"Терең тариxтан - жарқын болашаққа!" Дәл осындай атаумен бүгін Түркістан қаласында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың жүлдесі үшін республикалық пікірсайыс турнирінің бірінші күні басталды. Мақсат - жастардың бойында коммуникативтілікті арттыру, командада жұмыс істей білуге баулу, сыни ойлау, ораторлық қасиеттерін дамыту. Жастарға Түркістан қаласының тариxын тереңірек таныту. Атаулы шараға еліміздің түкпір-түкпірінен тәжірибелі төрешілер мен жас пікірсайысшылар қатысуда. Пікірсайыс турнирінде жастар мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдары мен меxанизмдерін ұсынады.

Үздік фракциялар мен спикерлер төрешілер шешімімен анықталып, 700 000 теңге жүлде қорымен марапатталатын болады. Турнирге республиканың барлық аймақтарынан 75 команда мен 150 қатысушы келген. Айта кетерлігі, форумның салтанатты ашылуына облыс әкімі қатысып, дебатшы жастарға сәттілік тіледі.