Түркістандық полицейге пара ұсынған шетел азаматы ұсталды

11 наурыз, 17:12

Оқиға Жетісай ауданында орын алған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкері қала көшелерінде жол ережесін бұзған "Ауди" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тәртіп сақшысы ереже бұзған жүргізушінің үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыра бастаған сәтте көлік тізгіндеген азамат оған 10 мың теңге пара ұсынған. Полицейлер күдіктіні сол жерде күзетпен қолға алып, Жетісай ауданының полиция бөліміне жеткізеді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 367-бабы "Пара беру" бойынша тіркеуге алынды. Айғақты заттар тәркіленіп, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің Өзбекстан азаматы екені анықталды.