Түркістан облысында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды ТО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Elitar.kz.
Түркістан облысында 8 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Уылдырық» жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Шарасының 7 апталық қорытындысымен табиғатты қорғау заңнамаларын бұзғаны үшін 10 экологиялық қылмыс, 164 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 2 259 875 теңге айыппұл салынды.
Атап айтатын болсақ; Заңсыз балық аулау бойынша 10 қылмыс анықталған. Мысалы, Түркістан облысы ПД ЖПҚБ-ның табиғатты қорғау полиция инспекторлары және Отырар АПБ-ның қызметкерлерімен рейдтік іс-шара жүргізу барысында Сырдария өзенінде үрмелі қайықпен, қолдануға тыйым салынған құрал, электр тоғын пайдаланып, заңсыз балық аулаған Келес ауданының тұрғыны анықталған.
Құқық бұзушыдан айғақты зат ретінде 1 дана электр токкөбейткіш, 1 дана үрмелі қайық, 1 дана жарықтандырғыш құрал, 1 дана аккумлятор, 1 дана сүзекі және 22 дана заңсыз ауланған балықтар тәркіленді.Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Іс-шара аясында анықталған 10 қылмыс дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, 6 қылмыстық іс бойынша құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданып, 4 қылмыстық іс өндірісте.
Сондай-ақ балық аулау ережесін бұзған 164 азаматтың 155-іне Әкімшілік кодекстің 383-бабымен хаттамалар толтырылып, айыппұл салынып, өндірілсе қалған 9 азаматқа заңды шара көру үшін, жинақталған құжаттар сотқа жолданып, сот шешімімен 303 000 теңге айыппұл салынған.
Жалпы, «Уылдырық» жеделдетілген-профилактикалық рейдтік іс-шарасы барысында құқықбұзушылардан заңсыз ауланған 810 кг балық, 14 дана үрмелі қайық, 3 дана қайық моторы, 4 дана шанышқы, 4 дана мотоцикл және моно талшықтан жасалған қытай полимед 12 000 метр ау-торы алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасуда.
Түркістан облысында «Уылдырық»
жеделдетілген-профилактикалық іс-шарасы
ағымдағы жылдың 31-мамырына дейін
жалғасады. Тәртіп сақшылары тұрғындарға
балық ресурстары мен жануарларды заңсыз
аулау, жойылып кету бар өсімдіктерді
жұлу заңмен қудаланатынын ескертеді.