Түркістандық түлек тестілеуден 140 балл жинады

25 маусым, 15:07

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымжан Адилжанұлы максималды 140 балл жинады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы бойынша 20-24 маусым аралығында жалпы саны – 13854 түлек ҰБТ тапсырды. Облыс бойынша 9 түлек 135-137 балл аралығында жинады.

Айта кетейік, облыс бойынша 2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 24 513 оқушы бітірді. Оның 16376-сы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.