Түрмеде отырған азаматтық некедегі күйеуіне келген әйел түзеу мекемесінде жан тәсілім етті. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.
Оқиға Бурятияда орын алған. 31 жастағы әйел №2 түзетеу колониясына азаматтық некедегі күйеуімен үш күндік кездесуге келген. Таңға дейін сағыныштарын басқан олар ұйқыға таң ата жатады. Бірақ сол сәтте әйелдің жағдайы күрт нашарлап кетеді. Дәрігерлер келемін дегенше келіншек жан тәсілім етті. Тергеу комитетіндегілердің айтуынша, өлімнің себебі көптен күткен кездесуге байланысты ішкі толқыныстан келген болуы мүмкін. Марқұмның денесінде ешбір жарақат немесе өзге де соққылар анықталмаған.