Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов пен Нұрлан Шүкілдіковке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар оны қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтейді.
Қылмыстың істің өзге де қатысушылары Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімов заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздігі орташа колонияда жазаларын өтейтін болады.
Еске салсақ, өткен жылы 13 қаңтарда қорықшы Ерлан Нұрғалиев браконьерлер қолынан мерт болды. Toyota Land Cruiser көлігіндегі браконьерлер екі қорықшы Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиевке қарсылық танытып, шабуылдаған. Қатты жараланған Ерлан Нұрғалиев 14 қаңтарда елордадағы №1 қалалық емханаға жеткізілді. Алайда Нұрғалиев 15 қаңтарда болды.