Оқиға Ресейдің Челябинск облысында орын алған. Төрт адам шіріген картоптан көз жұмды. Бұл туралы Риа Новости-ге сілтеме жасаған Elitar.kz хабарлайды.
"Кусинск ауданындағы Магнитка ауылында көкөніс сақтайтын ауданда төрт адамның мәйіті табылды. Олардың қатарында 16 жастағы жасөспірім де бар. Алдын ала мәлімет бойынша азаматтар тазарту жұмыстарын жүргізу мақсатында қоймаға келген. Олар шіріген картоптың иісінен пайда болған газға уланып қалған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр",- делінген басылым хабарламасында.