12 ақпан, 15:20
Енді еліміздің бас полицейі қызметін Ерлан Тұрғымбаев атқарады, деп жазады zakon.kz.
Ол Қалмұханбет Қасымовты алмастырды.
Ерлан Тұрғымбаев 2012 жылдан бастап ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Жаңа министр 1962 жылы туған.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілін Қарағанды облысы, Саран қалалық атқару комитетінің Ішкі істер бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы Алатау АІІБ - нің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары,; Алматы қаласы ІІББ тергеу басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасының салық тергеу басқармасының бастығы, Алматы қаласы Алатау АІІБ-нің тергеу бөлімі бастығының орынбасары, Алматы қаласы ІІББ тергеу басқармасы бастығының орынбасары, Алматы ҚІІБ тергеу басқармасының бастығы, "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" ЖАҚ басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу комитетінің төрағасы, Алматы ішкі істер департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.