ОСК кандидаттарды ұсыну мерзімін анықтады

10 сәуір, 15:37

​ҚР Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 2019 жылдың 10 сәуірінен басталады және 28 сәуір күні сағат 18:00-де аяқталады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.​

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары сайлау туралы қолданыстағы заңнамаға сай қатаң сәйкестікте әзірленген.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 66-1-бабы науқанның жекелеген кезеңдерінің ұзақтығын анықтау үшін негіз болып табылады.

"ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мерзімін ОСК белгілейді. Осы жоспарға сәйкес, ҚР Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі, яғни, 2019 жылдың 10 сәуірінен басталады және ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 18.00-де аяқталады" делінген күнтізбелік жоспарда.