ХҚКО ең үздік махаббат оқиғасына байқау жариялады

03 ақпан, 15:48

Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Instagram және фейсбук ресми парақшасы арқылы жақын арада отау тұрған адамдар үшін "онлайн үйлену" байқауын іске қосты.

Байқау қатысушылары өмірлік серіктерімен қалай танысқаны, некені тіркеуге өтінішті қалай тастағаны және ХҚКО-ға бармай мемлекеттік қызметті алу туралы өз әсерлерімен желі парақшасы арқылы бөлісуі қажет. Сонымен қатар, қатысушылар өз жазбаларына @gov4c.kz парақшасын белгілеп, өз парақшаларын байқау қорытындысы шыққанға дейін ашық қалдыруы керек.

Байқау қорытындысы 14 ақпанда шығады. Бірнеше жеңімпаз таңдалады. Бірі лүпіл саны бойынша, тағы екі жеңімпазды ұйымдастырушы өзара дауыс беру әдісімен таңдайды.