Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзғаны және санитарлық талаптарды орындамағаны үшін кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатыр. Төтенше жағдайға байланысты құрылған қалалық жедел штаб мәліметінше, бүгінгі таңда сауда мен қызмет көрсету нысандарына 287 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Соңғы 5 күннің өзінде Абай ауданында – 144, Еңбекші ауданында – 58, Қаратау ауданында – 50 және әл-Фараби ауданында 35 кәсіпкерлік нысан жауапқа тартылған.
Еске саосақ, төтенше жағдай кезінде сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмыс уақыты шектелген. Сонымен қатар бұл орындарға антисептикалық құралдар қойылып, келушілердің дене қызуы контактісіз теловизормен өлшенуі талап етіледі. Бұл орындардағы қызмет көрсетушілер мен келушілер медициналық бетперде тағып жүруге міндетті. Келушілер де медициналық маска киюі қажет.