Шарын шатқалында суретке түспек болған турист мерт болды

27 қыркүйек, 19:00

Қазақстанға саяхаттап келген Нидерланды азаматы Шарын шатқалында селфи жасап мерт болды. Алматы облыстық ТЖД хабарлағандай, ер адам жартастан құлап кеткен.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте орын алды.

Нидерланды корольдігінің азаматы селфи жасауға тырысқан, бірақ 10 метр биіктіктен төмен қарай құлап кеткен. Турист оқиға орнында қаза тапты.
Ведомствоның мәліметінше, мерт болған шетел азаматы 74 жаста. Шарынға ол туристік топпен келген. Туристік топ Көлсай көліне бағыт алған.