Түркістан облысы Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы, ет экспорттау және инвестиция жұмылдыру бойынша алда келеді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, облысқа қазіргі таңда мол инвестиция жұмылдырылуда, мемлекеттік ұйымдардың, ірі кәсіпорындардың құрылысы бойынша ірі жобалар дайындалуда. Инвестиция көлемі 11 млрд теңгеден асады.