Арыстан баб кесенесіне зиярат кетуге келген Израиль азаматы адасып қалды

23 қыркүйек, 17:00

Израиль мемлекетінің азаматы Мустин Изаир Отырар ауданында орналасқан Арыстан баб кесенесіне туристік сапармен келгеді. Арыстан бабқа зиярат етіп шыққан турист Шымкент қаласына қайтар жолды білмей адасып қалған.

"Отырар АПБ Көші-қон қызметі бөлімшесінің туристік полиция тобының қызметкерлері полиция майоры Серікбаев Мұхит, полиция капитаны Төлегенов Мұрат, полиция лейтенанты Шындалиев Асхат шетел азаматымен сөйлесіп, оның жағдайынан хабардар болады.
Полицейлер шетел азаматын Шәуілдір ауылындағы автобекетке әкеліп, Шымкент қаласына жүретін автокөлікке отырғызып жіберді",-деді Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Өз кезегінде шетел азаматы туристік полицейлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.