19 желтоқсан, 17:02
Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы Допингке қарсы ұлттық орталықпен бірлесіп спортшылар мен жаттықтырушыларға тыйым салынған препараттарды қолдану жөнінде тергеу жүргізді, деп хабарлайды федерациясының баспасөз қызметі.
Ережені бұзған азаматтар қатарында: Аружан Көлбай (Алматы), Гүлдана Жүніс (Алматы), Асылжан Бектай (Қызылорда), Әлішер Сейітқазы (Алматы), Ерасыл Кеңесбаев (Алматы), Максим Ню (Шымкент) және Тимур Хасаров (Алматы обл.) бар. Бұл атлеттер 2 жылға спорттан шеттетілді.
Сонымен қатар ауыр атлетикадан республикалық спорт колледжінің жаттықтырушысы Айбол Көлбаев пен Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Талғат Әбен төрт жылға жазаланды.
V жазғы спартакиадаға қарсы алынған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен Нұрмұхамбетоваға қатысты жеке тыңдау өткізіледі. Оған дейін спортшы барлық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарынан шеттетіледі.