Түймебаев "Түркістан" атты шоколад шығаруды ұсынды

07 ақпан, 14:55

​Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Төлеби ауданындағы «Балмұздақ» ЖШС-інің шоколадты глазурь және шоколад өндейтін цехына барған сапарында айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

Аймақ басшысы зауыт жетекшілігіне жаңадан құрылған Түркістан облысының атын шығарып, жер-жаһанға таныту үшін "Түркістан" брендімен шоколад түрін шығару қажеттігін айтты.

"Бізге өзіміздің брендті дамыту керек. Бұл Түркістанның бренді болады",-деді Жансейіт Түймебаев. Бұл ұсынысты кəсіпорын басшылығы бірден қабылдап, идеяны жуық арада жүзеге асыратынын жеткізді.