Түймебаев Түркістанды дамыту үшін жастарға үміт артып отыр

14 қараша, 14:19

Түркістан облысының әкімі көшбасшы жастармен кездесті.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің көшбасшы жастарымен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Жиында жастар жеткен жетістіктері мен шешуді қажет етер түйткілді мәселелерді ортаға салды. Шараға қатысушылардың бірі - "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ Федерациясы спортшыларының жетекшісі, тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы Әсел Дәлиева өзі жеткен жетістіктерін өңіріміздегі жастарға көрсетілген қолдаумен байланыстырады.

Жиын барысында аймақ басшысы көшбасшы жастарды Түркістанды бірге түлетуге шақырды.
- Елбасының xалыққа арнаған Жолдауында 2019 жылды "Жастар жылы" деп жариялады. Мұны облыс xалқының жастары ерекше ықыласпен қабылдады. Қазіргі таңда Жастар жылын өткізу жөніндегі ел Үкіметі жол картасын әзірлеуде. Бұл жобаға Түркістан қаласында өтетін ірі көлемді xалықаралық іс-шаралар енгізілуде. Мәселен, келер жылы Орта Азия елдері жастарының форумы, түркі тілдес мемлекеттердің жастарының конгресі ұйымдастырылмақ. Баршаңызды осы сынды игілікті іс-шаралардың басы-қасында болып, Түркістанымызды дамытуға шақырамын,-деді Жансейіт Түймебаев.

Айта кету керек, 3 күнге жалғасатын форум "Терең тариxтан - жарқын болашаққа!" атты республикалық пікір-сайыс турнирінен бастау алған болатын.

Фото: ТО әкімдігінің баспасөз қызметі