04 ақпан, 14:14
Қазақстанда қызуы көтеріліп, ауруханаға жатқызылғандарда коронавирус диагнозы анық талмады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні 33 науқас стационарларда қалып отыр және оларда жіті респираторлық инфекция, тұмау диагнозы тіркелген.
Еліміздің бас дәрігері коронавирусқа күдіктеніп, ауруханаға жатқызылған емделушілер емделіп жатыр деп хабарлады. Сондай-ақ, коронавируске қатысты арнайы тексеру өткізіліп, аталған дерт расталмағанын айтты.
"Зерттеу адамның ауру белгілері болса ғана жүргізіледі. Мұндай белгілердің 99%-ы температура, жөтел және тағы басқа. Біз қарапайым тұмау диагнозы бойынша емдеу жүргізіп жатырмыз", - деп нақтылады Елжан Біртанов.
Сондай-ақ, министр елдің барлық халқына (18 млн адам) коронавирус бойынша тексеру жүргізу негізсіз деп атап өтті.