Денис Тенді өлтіргендер 18 жыл түрмеде отыратын болды

17 қаңтар, 17:16

Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың әрқайсысына 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ал Жанар Толыбаева 4 жылын абақтыда өткізетін болады.