Кеше, 3 наурыз күні Украина Премьер-министрі Алексей Гончарук Жоғарғы Рада төрағасының атына қызметтен босату туралы өтініш жазды. «Слуга народа» депутаттық фракциясының отырысында оның өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылданды. Укринформ порталының мәліметінше, бұл ақпаратты депутат Александр Качура хабарлаған.
Еске салсақ, бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский «Слуга народа» фракциясының отырысында Премьер-министр Алексей Гончарукты отставкаға жіберіп, оның орнына Денис Шмыгальды тағайындауды ұсынған болатын.