"Арбат" - жаяу серуендеуге немесе велосипедпен сырғанауға болатын әдемі аллея. Қазір бұл көше кафе мен кофеендердің көптігімен ғана қалалықтарды қызықтыра алады.
Егер Алматыдағы Арбатта серуендегенде көше музыканттарының шығармаларынан ләззат алып, суретшілердің картиналарына сүйсіне алатын болсақ, шымкенттіктерге төбеден төнген періштелерден басқа тамашалайтын ештеңе жоқ.
Көшедегі музыкант
– Лео мен Анатолий кеше кешке өздерінің
аспаптарымен Арбатқа
шыққан, бірақ оларды полицейлер қуған.
Олардың айтуы
бойынша, тәртіп сақшылары оларға
арзымайтын себептер айтқан. Лео мен
Анатолий тыныштықты бұзбағанын және
Арбатта өнер көрсетуге тиым
салынғанына таң-тамаша.
"Біз музыкалық
мектептің оқытушыларымыз.
Арбатта өнер көрсетпек болдық.
Адамдар бізді қуана тыңдап, камераларға
түсіреді, ал кішкентай балалар ортаға
шығып билеп жатты. Бір кезде полицейлер
келіп, шулағанымызға шағым түсті деп
ол жерден кетуімізді талап етті.
Арбаттағы шуды тек
жанымызға келіп қана естуге болады.
Содан кейін олар біздікі
заманауи музыкамыз емес деп,
қайтуымызды сұрады",
- дейді Анатолий.
Арбатта
қолөнершілер, музыканттар жоқ, бірақ
құрт, гүлдер, немесе әуе
шарларын сатып алуды
ұсынатын адамдар өте көп. Арбатта
көрмелер, концерттер болуы тиіс. Бірақ
ұсақ саудагерлердің орнына айналғандай.