Режиссер Болат Акунов өмірден өтті

01 мамыр, 12:46

Белгілі қазақстандық телепродюсер және режиссер Болат Акунов өмірден озды. Ол 1965 жылы 3 шілдеде дүниеге келіп, 54 жасында қайтыс болды.

"Болат Акунов Қазақстанның талантты жастарына көмектесті. Бірнеше жыл бұрын Болат елорданың талантты балаларын қолдау көрсетті. Бірақ ешқашан бұл туралы жарияға жар салғысы келмеді және де балалар Болат оларға көрінбейтін періште болғанын білмеген", - деп жазды режиссердің еңбегін алға тартып Facebook қолданушылары.