​Өзбекстан азамат қоршаудан секіріп шекарадан өтпек болған

10 желтоқсан, 16:55

Өзбекстан азамат осылайша Қазақстан аумағына ешкімге байқатпай өтіп кетем деп ойласа керек, дер жазады Elitar.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қапланбек» шекара заставасының операторы түнде көру құралымен жабдықталған видеокамераның көмегімен шекара бұзушының қоршауға жүгіріп барып, асып түспек болғанын байқайды.

Әскери қызметкер бұл туралы осы учаскеде тұрған шекара жасағына хабарлап, «шақырусыз қонақтың» сыртынан бақылап отырып, ұны ұстауға шекарашыларды бағыттайды.
Тәртіп бұзушы Өзбекстан азаматы болып шықты. Өзінің ешқандай құжаты жоқ. Қазіргі таңда құқық қорғау органдарына хабар беріліп, ұсталған азаматтың жеке басы анықталуда.
ФОТО: akipress.org