Дипломаттар мен Шымкент әкімшілігінің өкілдері бұл жағдай туралы студенттердің роликті желіге жариялағаннан кейін білген. Онда студенттердің бірі ұзақ уақыт бойы жергілікті жастар тарапынан жүйелі түрде соққыға жығылып келгенін айтып шағымданған.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігіне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, 21 қыркүйек күні Шымкенттің Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде Өзбекстан Елшісі Саидикром Ниязходжаев пен Шымкент әкімдігі өкілдерінің, университет ректоры Сандыбай Боранбаев және Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Шымкент қаласы бойынша орынбасары Муратәлі Халмұрадов пен "Дустлик" өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимджановтың қатысуымен кеңес өткен.
Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағында жүрген өзбекстандықтар Бас консулдыққа +7-727-299-20-70, +7-727-390-26-16 телефондары арқылы хабарласа алады.