Ұсталғандар асқазаны арқылы героинның 5000 дозасын алып өтпек болған.
Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады. Есірткі заты олардың ұсталғандардың асқазанында тасымалданған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынды, құны 50 миллион теңге болатын олардың жалпы салмағы шамамен 1 кг (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрады.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.