Ақмола облысында ер адам үйіне су кіргіземін деп мерт бола жаздады

25 сәуір, 12:22

Көкшетауда ер адам өз үйіне су кіргізбек болады. Жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ кенеттен құлап, ер адамды саз балшық төменге тарта бастайды. Оқиға орнына алты адамнан тұратын құтқару жасағы жеткен. Құтқарушылар ер адамды топырақтан босату үшін қазу жұмыстарын жүргізулеріне тура келді. Зардап шегушіні 20 минуттан кейін алып шығу мүмкін болды.

Жігіт бірден ауруханаға жеткізілді, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.

"Тереңдігі 2 метрден асатын шұңқырда ер адам мойына дейін топыраққа көмірген. Ол бір сағаттан астам топырақ ішінде тұрып қалған. Тұрғындар оны өз бетімен шығарып алуға тырысып, құтқару қызметіне дер кезінде хабарламады. Біршама уақыт өтіп еткенін, зардап шегушінің денесіне топырақ массасының қысымын ескере отырып, құтқарушылар тез арада қазуға және жер массасын алып тастауға кірісті. Бұл ретте зардап шеккен адам есінен танып қалған жоқ, бірақ аяқ-қолдарының ұйып қалғанын айтып шағымданды. Құтқару уақыты бірнеше минутқа созылды",-деді Ақмола облысы ТЖД "Жедел - құтқару жасағы" ММ басшысының орынбасары Марат Бурбаев.

Құтқару кезінде ер адаммен психолог жұмыс істеген.