Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова сағат 07:45-те Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекен-жайында орналасқан қойманың өртке оранғаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлады.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт тікұшақпен сөндіріледі. Ол үшін "Қазавиақұтқару"АҚ борты, 67 адам, 27 бірлік техника мен 2 тікұшақ жұмылдырылды.
Алдын ала деректер бойынша, қойма үй-жайларында 200 тонна лак-бояу бұйымдары сақталады.
Өрттен шыққаан қалың түтін көрші аудандарда да көрінген.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Қазіргі уақытта суағар тіркелген тікұшақ өрт үстіне су шашып жатыр.