​Алматыда бұзақылар алма бауын өртеп кетті (ВИДЕО)

29 наурыз, 11:54

Желіде алма бауындағы өрттің видеосы пайда болды. Кадрлар Алматы облысында түсірілген болуы мүмкін. Меценат Марғұлан Сейсембаев Инстаграм парақшасында өрт қою сәтінің куәгерлерін бұзақыларды ұстауға көмек беруге шақырды.

«Қазір сұмдық видео жіберді. Бұл барып тұрған бұзақылық, айуандық және адамгершіліктен жұрдай әрекет! Маған ватцаппен видео жіберіп, біздің өңірде, Алматы облысында болған деп жазуда. Егер арнайы өртемесе, бау бұлай жанбайды. Бағбандардың еңбегімен таныспын, сондықтан, мұның қандай сұмдық екенін білемін!» деп жазды Марғұлан өзінің парақшасында.

Анық болғаны, төтенше жағдай департаментінде өрт тіркелмеген.
«Достар, мен кешегі (28.03.2019) бауды өртеу туралы постымнан соң Алматы облысы әкімдігінің қызметкерлері хабарласып, ТЖД мәліметі бойынша мұндай өрт оқиғасы тіркелмегенін хабарлады.
Сонда да болса мен бұл оқиғаға куәгерлерді немесе қандай бір ақпарат білетін жандардың хабар беруін сұраймын», - деп жазды келесі постында меценат.
Дегенмен, желі қолданушылар алма бауы жақтан шыққан түтінді көргендерін айтады.
«Кеше түнде Алматыдан Талдықорғанға бара жатып, бірнеше шақырымға созылған өртті көрдім. Жалын Алғабастан бастап оң жақтан жоғары қарай көрініп тұрды. Сондай ірі өрт қалай тіркеуге алынбайды?», - деп жазады baurzhan0812.
Дерек көзі: