Алматыда дене қызуы көтерілген азаматтардың қалаға кіруіне тыйым салынды

18 наурыз, 11:53

Бұл туралы Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

Белгілі болғандай, блок-бекеттер жұмысына санитарлық қызмет мамандары тартылады. Мамандар коронавирусқа күдікті науқасты дер кезінде анықтап, оқшаулауы қажет. Блок-посттарда дене қызуы бар жолаушылар отырған көліктер келген жері бойынша кері қайтарылады. Ал температурасы бар адамдар туралы ақпарат тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық департаменттеріне берілетін болады.