27 желтоқсан, 08:48
"Бек Эйр" (Z9-2100) әуекомпаниясының Алматы - Нұрсұлтан бағыты бойынша ұшып келе жатқан рейсі (сағат 07:00) радардан жоғалып кеткен. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды (613 кг. жүк, 603 кг. багаж, бактағы авиакеросин - 3,547 мың литр).
Блоггер Денис Кривошеев өзінің парақшасыда былай деп хабарлады:
"Алдын ала мәлімет бойынша, бұл Алматы әуежайынан Бек Эйр әуекомпаниясының ұшағында ұшу кезіндегі проблема. Борт Нұрсұлтанға қарай Z9 2100 рейсін орындады. Ұшу бағыты Қызыл Ту кентіне қарай беттелген. Толығырақ анықтаймын. Жараланғандар бар".