Алматыда жоғалған 9 жастағы бала табылды

02 қыркүйек, 13:57

Үйінен шығып, қайта оралмаған алматылық Месут Мырзақұлов аман-есен табылды. Мектеп оқушысының қайда болғаны туралы әзірге айтылмайды.

Еске салсақ, күні кеше сағат түскі бірлер шамасында Алматыда 9 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабар тарады. Туыстарының айтуынша, оқушы Медеу ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта келмеген.