Алматыға Ресейдің су жаңа Премьер-министрі келеді

28 қаңтар, 13:02

​​Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына жақында Ресей Премьер-министрі болған Михаил Мишустин келеді.​

31 қаңтарда ЕЭО елдерінің үкімет басшыларының кездесуі өтеді. Тараптар бірлестіктің жұмыс істеу, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту мәселелерін талқылайды.
"Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға, ұлттық ақпараттық жүйелерді ықпалдастыруға, кедендік реттеу саласындағы өзара іс-қимылға және одақтың ортақ нарығын қалыптастыруға баса назар аударылатын болады",-делінген РФ үкіметінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алматыға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения Премьер-министрлері келеді, "Жаһандық экономиканың сандық болашағы" форумына қатысу үшін Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова үкіметтерінің басшылары да келеді.