Алматыда танымал маркамен қолдан жасалған арақ сатылған

30 сәуір, 13:55

Алматыда және Алматы облысында танымал маркамен арақ саудаланды. Белгілі болғандай, спирттік ішімдік Алматы облысының Іле ауданында жасалған. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті хабарлады.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Іле АІІБ-нің қызметкерлері ер адамды қолға түсірді.Оның автокөлігінен күмәнді алкоголь ішімдіктері табылған.

Барлығы 800-ден астам "Absolut", "Хортица", "Воздух", "Мороша", "Бульбаш", "Царская", "Зерно" маркалы қолдан жасалған арақ табылды. Сондай-ақ, қызметкерлер 2100 күмәнді акциздік маркалар мен 160 литр спирт, бос бөтелкелер мен қақпақтар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін дайындауға және құюға арналған 25 литрлік бөшкелер тәркіленді.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 233-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.