Астанада ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы қамауға алынды

18 наурыз, 19:49

Сот 16 наурыз күні екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

"Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған соты күдікті Әбішев Ислам Алмаханұлына екі ай мерзімге, яғни биылғы 14 мамырға дейін қамауға алу бас шарасын кесті. Сот санкцияны 16 наурыз күні берді. Сотқа дейінгі тергеудің қалған мәліметтері жариялауға жатпайды", - деп хабарлады сот өкілдері.
Комитеттің бұрынғы төрағасына қандай айып тағылғаны хабарланған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін 14 наурыз күні ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің қызметінен шеттетілгені белгілі болған еді. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берген жоқ.
Ислам Әбішев Комитет төрағасы қызметін 2014 жылдың сәуір айынан бері атқарып келді.