Дендропаркте бұрынғыдай 26 теңгеге серуендеуге болады

16 мамыр, 13:52

​Шымкенттің ең көркем парктерінің біріне кіру билетінің құны әзірге 26 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда билет бағасы 100 теңгеге дейін көтерілмеген.

"Дендропарк" басшылығы хабарлағандай, бағаның көтерілуі күтілуде.

Бірақ мектепке дейінгі балалар, мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер, көп балалы аналар мен мүгедектерге тегін кіру мүмкіндігі сақталып отыр.

"Бағаны көтеруге қатысты айтсақ, бұл әлі бекітілген жоқ, біз бұл жөнінде жұмыс істейміз. Әзірге 26 теңге, қазір әкіммен келісу жұмыстары жүргізілуде және Шымкент қаласының мәслихатынан өтуі тиіс, тек әділет органдарында тіркелгеннен кейін ғана ол күшіне енеді", - деді "Дендропарк" директоры Бейбіт Мошкалов.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жұминнің фесбуктегі парақшасында саябаққа кіру үшін тарифті көтеру туралы ақпарат жарияланған болатын. Бастапқыда шенеунік айтқандай, тегін кіру туралы ұсыныс болған, бірақ адамдар "Дендропарк" тұрғылықты жері жоқ адамдарға немесе алкогольдік ішімдіктерді ішетіндерге арналған орынға айналуына қаупі барын айтты.

Айта кетейік, баға көтерілмеген, адамдар әлі күнге саябақта серуендегендері үшін 26 теңге төлеуде. Бағаның нақты қашан көтерілетіні белгісіз.