01 мамыр, 12:20
1 мамыр сағат 11:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 жағдай тіркелді.
Науқас өзіне дейін дертті жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қалалық жедел штабтың мәліметінше, қазіргі уақытта қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған 193 жағдай тіркелді.