Үндістанда бір жасар бала мен иттің үйлену тойы өтті

27 ақпан, 12:14

Үндістанның Орисса штатында ата-ана зұлым күштерді қуу үшін бір жасар баланы итке үйлендірді.

23 ақпан күні желіде Барин ауылында бір жасар бала мен иттің үйлену тойының кадрлары пайда болды, деп хабарлайды Daily Star.

Видеода адамдар "жас жұбайлар" айналасында барабандардың дыбысымен көңілді би билеп жатқанын көруге болады.

Бұл рәсім баланың жоғары жақтағы алғашқы тісі жарып шыққанда жасалады. Жергілікті тұрғындар бұл зұлым күштен баланы қорғауға болады деп сенеді. Сондықтан олар иттермен балалардың үйлену тойларын тойлайды. Алайда тұрғындар бұл жай ғана рәсім болып табылатынын, бала ер жеткенде дәстүрлі некеге тұра алатынын алға тартады.