14 қаңтар, 15:36
2019 жылдың 13 қаңтары күні сағат 18:00 шамасында рейд барысында «Охотзоопром» ПО» РМҚК инспекторлары Қарағанды облысы Нұры ауданы аумағынан атылған 5 ақбөкеннің денесін тауып алады.
Із кесу барысында тіркеу нөмірі жоқ екі автокөлік анықталып, оның біреуі тоқтатылады. Автокөлікті тексеру барысында белгісіз біреулер қарсылық көрсеткен.
Соның салдарынан бір инспектор пышақ жарақатын алып, басы жарылды, ал екіншісі бас-ми жарақатын алып, ес-түссіз қалды. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасағымен, жарақат алған азамат мерт болды.
Оқиға орнына құқық қорғаушылардың шұғыл тобы аттанды.
Қылмыстық іс қозғалып, заңды бұзғандардың жеке басын анықтау және оларды ұстауға қатысты іс-шаралар басталды.
Толығырақ ақпарат кейін берілетін болады.