Қазақстанда банктер мобильді төлемдерге көшеді

14 мамыр, 16:00

Төлем құралы ретінде ұялы телефонды пайдалануға мүмкіндік беретін жобаға бүгінгі күні үш банк қатысады, бірақ жақын арада жағдай өзгеруі мүмкін. Тағы 10 банк ноу-хауды 2019 жылдың соңына дейін іске қосуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

"Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту үшін онлайн БКМ (бақылау-кассалық машиналар) және ERP жүйесін сатып алуға жұмсалған шығындарды салық төлеу есебіне мемлекеттің өтеуі бойынша салықтық ынталандыру қарастырылған. Өтеу 2 жыл ішінде 120 мың теңгеге дейін қаражатты құрайды. Жедел төлемдерді дамыту үшін Ұлттық Банк ұялы телефонды төлем құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жобаны енгізді", - деді Руслан Дәленов.

Руслан Дәленов сондай-ақ онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері қарастырылғанын хабарлады. "Оларды алуға бизнес субъектілерінен 509 өтініш келіп түсті", - деп қорытты басшы.