Биыл жаздан бастап ел ішінде туристік мақсатта ұшатын 15 жасқа дейінгі балаларға билет тегін беріледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
Қазақстанда "Kids go free" қағидаты бойынша балалар тегін ұшуы үшін әуе бағыттарын субсидиялау көзделіп отыр. Растайтын құжатты көрсеткен жағдайда, бір ата-анаға өзімен бірге ұшақ бортына екі баланы алуға рұқсат етіледі.
"Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген дамыған елінде – Ұлыбритания, Катарда, Таитиде, Скандинавия елдерінде кең қолданылады", - деді Мұхамедиұлы үкімет отырысында.
Ол қазір мемлекеттік бағдарлама енгізілгенін, оның бекітілуін күтіп отырғанын атап өтті.