"Ашық ҮЕҰ" сайтында мәдениет және ақпарат министрінің "Журналистерді аккредитациядан өткізу Ережелерін бекіту туралы" бұйрығына түзету жобасы жарияланды.
Журналисті аккредитациядан өткізу үшін өтінішіне қоса:
- журналистің аккредитациядан өткізетін ұйымның модератор бекіткен шкі тәртібі мен регламентті сақтауға жазбаша келісімін (еркін түрде);
- журналист пен бұқаралық ақпарат құралының арасындағы келісімді растайтын құжаттардың көшірмесін сұрау ұсынылуда.
ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі БАҚ өкілінің статусын анықтау үшін осындай шараны ұсынуда.
Бұйрық жобасы, сонымен қатар, "жиналыс, мәжіліс немесе басқа да іс-шара өткізілетін ғимараттарда орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда" журналистерді аккредитациядан өткізуден бас тарту нормасын қарастырады. Мұндай қадамға қаржы министрінің жиналыс немесе басқа да іс-шаралар өтетін жалпы ғимараттар (конференц-зал, мәжіліс залы) шектеулі екені туралы бұйрығына қосымша негіз ретінде алынуда.
Өзгеріс жобасында, сонымен қоса, аккредитациядан өткен журналистің аккредитациясы қайтарылатын жағдайлар кеңейтілген. Бұл тізімге тағы пункт қосылып отыр:
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңның 22-бабының 4-пунктімен бекітілген жағдайда:
- егер журналист аккредитация тәртібін бұзса немесе оны аккредитациядан өткізген мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың абыройына нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтер таратқан жағдайда;
Модератордың регламенті мен аккредитациядан өткізген органның ішкі тәртібін бұзғаны үшін.