07 наурыз, 13:01
Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілеріне салық рақымшылығын қарастыратын Заң күшіне енді. Ал салықтың негізгі қарызын төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды өшіретін Ереже 8 ақпаннан басталады.
Қалалық мемлекеттік кірістер органы тарапынан 2019 жылдың 28 ақпанында 51 салық төлеушінің қарызын жою туралы шешім шығарылған. Олар 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салық бойынша 9 млн теңге көлеміндегі негізгі қарызын төлеген.
Салық төлеушілердің жойылатын өсімпұлының көлемі – 2 млн теңге. Еске салайық, алдын ала есеп бойынша салық рақымшылығына Шымкент қаласы бойынша 4 822 шағын және орта бизнес субъектісі ілінеді, олардың 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 45,9 млрд теңге салық қарызы бар.
Бұл орайда шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттік кірістер органына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінімінсіз жойылады.
Салық төлеу бойынша мерзімдерін уақытша тоқтатқан/создырған немесе негізгі қарызды төлеген соң оңалту рәсімінде тұрған салық төлеушілер аймақтық мемлекеттік кірістер басқармасына айыппұл мен өсімпұлды жою туралы өтінім жасауы қажет.