Қазақстанда бензин арзандады

06 маусым, 13:38

АИ-92-нің орташа бағасы шамамен 2 теңге құлдырады, деп хабарлайды Elitar.kz Колесаға сілтеме жасай отырып.

Мамыр айында нарықтың бес ірі ойыншысының үшеуі АИ-92 бағасын төмендетті.

Осылайша, Helios станцияларында 147 теңгенің орнына 145 теңгеден жанармай құюға болады.

Sinooil да 92-ні 145-тен (149 болған), ал "Газпром" ЖҚС-да бензин 146 теңгеден сатылады.

"Қазмұнайгаз" және Royal Petrol: тиісінше баға 149 және 145 теңге болып өзгеріссіз қалды.