Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамға жетті

18 наурыз, 11:39

Денсаулық сақтау министрлігі 18 наурызда елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша мәлімет таратты.

Алматы қаласында тағы 2 адам вирусқа шалдықты. Қазіргі таңда Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 35 адамға жетті. Оның 17-сі Алматы қаласында, 18-і Нұр-Сұлтанда тіркелген.