Нұр-Сұлтанда белгілі қазақстандық нумеролог Клара Кузденбаеваның ұлы Руслан қайтыс болды. Бұл туралы ұлынан айырылған ана INSTAGRAM парақшасында жазды.
Айта кетейік, Руслан Кузденбаев анасы секілді танымал сарапшы-нумеролог еді. Бұл саламен ол 15 жыл айналысқан.
Әл-фараби атындағы Қазақстан мемлекеттік институтын бітірген. Мюнхен парапсихология институтының курсынан өткен. Дхармсала қаласындағы Тибет нумерологиясы және Сэра Джей нумерология монастырында білім алды.
Клара Күзденбаева ұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қайда және қашан өтетіні туралы парақшасында хабарлады.