Қазақстан халқының саны артты

16 қаңтар, 13:05

Қазақстан халқының саны 234,9 мың адамға немесе 1,3% - ға артты, деп хабарлады ҚР Статистика комитеті.

2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағда бойынша еліміздегі халық саны 18611,1 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10875,7 мың (58,4%), ауылды аймақта тұратындар – 7735,4 мың адам (41,6%).

2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдаймен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3% - ға өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің үш өңірінде: Нұр-Сұлтан қаласы (61,7 мың адам), Алматы қаласы (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) тіркеліп отыр.