​Қазақстанда жолбарыс, ал Ресейде түйе жол апатына ұшырады

07 желтоқсан, 14:03

Жолбарыс Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасына ұшырап отыр. Жыртқыш жануар салынған жүк көлігі жолдың шетіндегі сайға түсіп кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.

Құтқарушылар жолбарысты арнайы торға кіргізбек болады. Алдымен түз тағысы тұрған вагонның түбінен арамен ойық жасайды. Содан кейін төбесінен екі жерін тесіп, от жаққан таяқпен үркіту арқылы жолбарысты торға кіргізеді. Ол торды қауіпсізідк үшін жеңіл көлікпен тіреп қояды. Бұл операция барысында жолбарыс немесе құтқарушылардың қайсысы көбірек қорыққаны белгісіз. Ал осыдан бір күн бұрын Иркутск облысында цирк түйесін алып кетіп бара жатқан фургон аударылып, жолдың шетіне құлап кеткен. Жануарды құтқару операциясы 8 сағатқа созылған. Соңында түйені өрт сөндіру құралының көмегімен аяғына тұрғызады. Бұдан кейін үй жануарына ең жақын елдімекенге дейін 20 шақырым жүруге тура келді.