Тиматидің командасында қазақстандық жаңа жұлдыз пайда болды

30 сәуір, 14:24

Ресейлік шоу-биз қазақстандық таланттарға бай. Алматылық 22 жастағы Say Mo да "Песни на ТНТ" байқауының іріктеу кезеңінен өтіп, Тиматидің командасына түсті. Біздің отандасымыз Назима Жәнібекова да Тиматидің командасында ән салады.

Жобаға ол өз композицияларымен келді. Соңғы кезеңде Say Mo өзінің екі трегін орындады - "Коко Шанель" және "Бишарашка". Say Mo әндерді жоба үшін арнайы жаздырғанын атап өтті.

"Финал. Екінші жеке трегімді орындадым! Сіздердің барлық үміттерінізді ақтадым деп үміттенемін!!! Бұл соңы емес! Жақында концерттер", - деп жазды Say Mo Instagram парақшасында.

Отандасымызға сәттілік тілейміз! Мүмкін, ол да Назима сияқты танымал әнші атанар.