17 қараша, 13:50
Көлік апаты барысында 86 жолаушының 29-ы адам зардап шекті. Екеуі оқиға орнында өз жұмды, біреуі жан сақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
"Самара-Шымкент" тас жолының шамамен Қызылорда қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан Ұармақшы ауданында 16 қараша күні сағат 19.00-де ауданаралық екі автобус соқтығысты. Бір жерде 32, екінші жерде 37 жолаушы болған.
Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, құтқарушылар 24 минуттан кейін жол-көлік оқиғасы орын алған жерге келген. 34 құтқарушы, 13 бірлік техника, 130 медицина қызметкері, оның 16-сы дәрігер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 12 жедел медициналық көмек бригадасы мен санитарлық авиацияның 3 бірлігі жұмылдырылды.
74 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді, оның 29-ы ауруханаларға жеткізілді және қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.
Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекованың айтуынша, облыс орталығына барған автобуста 13 жасөспірім болған. Олар демалыс күндерін ата-аналарының рұқсатымен Қызылордада өткізуді жоспарлапты. Өкінішке орай, олардың бірі, 7 жасар бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Барлық жолаушылар – Қармақшы ауданының тұрғындары.
Полиция департаменті ЖПҚ басқармасының бастығы Бауыржан Ыбыраевтың айтуынша, аталған жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Ол жүргізушілердің автобустарды басқаруға қажетті барлық санаттары бар екенін атап өтті.
"Жол-көлік оқиғасы орнында жол жабыны жақсы жағдайда. Қазір қақтығыстың барлық жағдайы анықталуда",-деді ол.
Өңірде барлығы ауданаралық және ауданішілік 212 бағытта жолаушылар тасымалымен айналысатын 1500 автобус бар.
Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Талғат Маханов әлеуметтік желілерде таратылған жалған ақпараттың салдарынан құтқарушылардың жұмыс беделіне нұқсан келгенін айтты.
ФОТО: әлеуметтік желі
Автор:
Махмұд Байходжаев, Қызылорда