Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы өзгеруі мүмкін

04 маусым, 09:46

Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше облысында күн күркіреп, жел күшейеді. Синоптиктер дауылды ескерту жариялайды, деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК.

Метеорологиялық болжамдарға сәйкес, найзағай, бұршақ, сондай-ақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. 5 маусымда Қостанай облысында ауа райының нашарлауы күтілуде, түнде 2-7 градусқа дейін күн суытады. Күндіз ауа температурасы 10-15 градусқа жетуі мүмкін, кей жерлерде ауа 18 градусқа дейін жылынады.

5-6 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 6 маусым күні Павлодар облысында метеорологтардың болжамы бойынша, кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ бұл күндері желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.